KZ
KZ RU
06 қыркүйек 2018 10:07

Тамыз айының үздік ойыншысы мен бас бапкері таңдалды

06 қыркүйек 2018 10:07

Қазақстан Кәсіпқой футбол лигасы (ҚКФЛ) тамыз айының қорытындысы бойынша Қазақстан Чемпионатының ең үздік ойыншысы мен жаттықтырушысын таңдады.
 
Сауалнама Премьер-лига командаларының бас бапкерлерінің қатысуымен жүргізілді.
 
Үздіктерді анықтау барысында сауалнамаға қатысушы өзінің үш ойыншыдан тұратын тізімін атады. Алған орынға байланысты ойыншыларға ұпайлар берілді: 1 орын үшін – 3 ұпай, 2 орын үшін – 2 ұпай, 3 үшінші орын үшін – 1 ұпай. Ұпайларды қосу арқасында қорытынды шығарылды.
 
Үздік бапкерді анықтау барысында сауалнамаға қатысушылар бір ғана үміткерді атады.
 
Сауалнама нәтижелері келесідей:

 
Тамыз айындағы Премьер-лиганың үздік ойыншысы - «Қайрат» жартылай қорғаушысы Андрей Аршавин.
 
Тамыз айындағы Премьер-лиганың үздік бас бапкері атағын «Жетісу» жаттықтырушысы Дмитрий Огай мен «Атырау» тізгінін ұстаған Виктор Кумыков бөлісті.