KZ
KZ RU
09 қыркүйек 2020 14:14

Тамыз айының үздік ойыншысы мен бас бапкері таңдалды

09 қыркүйек 2020 14:14

Қазақстан кәсіпқой футбол лигасы (ҚКФЛ) тамыз айының қорытындысы бойынша OLIMPBET-ФУТБОЛДАН Қазақстан Чемпионатының ең үздік ойыншысы мен жаттықтырушысын таңдады.

Сауалнама Премьер-лига командаларының бас бапкерлерінің қатысуымен жүргізілді.

Үздіктерді анықтау барысында сауалнамаға қатысушы өзінің үш ойыншыдан тұратын тізімін атады. Алған орынға байланысты ойыншыларға ұпайлар берілді: 1 орын үшін – 3 ұпай, 2 орын үшін – 2 ұпай, 3 үшінші орын үшін – 1 ұпай. Ұпайларды қосу арқасында қорытынды шығарылды.

Үздік бапкерді анықтау барысында сауалнамаға қатысушылар бір ғана үміткерді атады.

Сауалнама нәтижелері келесідей:

Тамыз айының ең үздік ойыншысы – Вагнер Лав, «Қайрат»

Тамыз айының ең үздік бас бапкері – Алексей Шпилевский, «Қайрат»