KZ
KZ RU
13 ақпан 2012 14:41

«Тараз» ақыры жеңілді

13 ақпан 2012 14:41

Теміржолшылар өздерінің чемпионатында талай жылдан бері әлі 5-орыннан төмен түсіп көрген жоқ. Еурокубоктық додаларға да жиі қатысып жүр. Болгар клубының жетістігі:

Болгария чемпионы: 2004 ж.
Болгария клубының иегері: 1983 ж.
Болгария суперкубогінің иегері: 2004 ж.
Болгария чемпионатының күміс жүлдегері: 1973 ж.
Болгария чемпионатының қола жүлдегері: 1969, 1974, 1992, 2005 жылдар.
Болгария кубогінің финалисі: 1960, 1971, 1982 жылдар.

Болгарлықтар ойын тізгінін бірден қолдарына алып, 11-минутта-ақ жылдам гол соқты. "Локомотив" ойыншысы айып добын орындаған еді, оны шабуылдағы әріптесі қақпаға тура тоғытты.
Қақпаларына соғылған голдан кейін ақырындап өз-өздеріне келе бастаған "тараздықтар" өздері де шабуыл ұйымдастыра бастады. Тіпті, бірінші таймның соңында гол соғатын бірене мүмкіндіктерді мүлт жіберіп алды. 
Айта кетейік, жолдастық кездесу болғанымен ойын өте тартысты өтті. Екі команда да жеңіске ұмтылды. Бір-біріне есе жібергісі келмеген футболшылар да қызуқандылыққа бой ұрдыра берді. Бірінші таймда-ақ төреші жеті ойыншыға сары қағаз көрсетуге мәжбүр болды. Тіпті, болмаған соң, 33-минутта "Локомотив" бапкерлері футболшыларының тыныштандыру үшін алаңға да жүгіріп шықты.

"Тараз" сапында негізгі құрамда мына ойыншылар алаңға шықты:
Сенидин Оштракович (Андрей Цветков), Нұртас Кургулин, Александр Кучма (Мадияр Мүмінов), Эрси Мехмедович (Берік Айтбаев), Елдос Ахметов (Андрей Шабаев), Абдуллаи Диакате, Невен Вукман, Вячеслав Соболев (Бауыржан Исламхан), Небойша Пртеняк, Юссуф Салех (Ерзат Кенбаев), Иван Перич (Шерхан Бауыржан)

Екінші таймда "Тараз" құрамын біраз өзгертті..
Одан кейін есепті теңестіруге Бауыржан Исламханның мүмкіндігі болды. Сондай-ақ Шерхан Бауыржан да өзінде болған мүмкіндікті голға айналдыра алған жоқ. Ал 90 минут бойы алаңда төрт-ақ ойыншы өнер көрсетті. Олар: Нұртас Кургулин, Абдуллаи Диакате, Невен Вукман және Небойша Пртеняк. Айтпақшы, кеше Небойша клубпен келісімшартқа отырды.

Сонымен "Локомотив" 1:0 есебімен жеңіске жетті. Енді "Тараз" келесі жолдастық кездесуін 15 ақпанда Сербияның "Ягодина" клубына қарсы өткізеді.


"Тараз" ФК баспасөз қызметі