"Тараз" ұпай жоғалтар емес
Өз жерінде "Атырауды" жеңе алмаған "Ертістің" арқасында "Тараз" турнир көшін жеке дара бастады.
Қазақстан футболының ардагері, белгілі бапкер Владимир Чеботаревтің дүниеден өтуіне байланысты төртуншу тур ойындары бір минуттық үнсіздікпен басталды.
Мирослав Лечич соққан голдың арқасында "Тараз" "ақтөбеліктерден" басым түсті.
Ал турдың орталық кездесуі Астанада өтті. Өткен жылғы ел чемпионы "Шахтер" мен вице-чемпион "Жетісу" кездесті. Бірақ ойын аса тартысты өтпеді. Қарағандылықтар "Жетісудың" қорғанысын күл-паршасын шығарып, 5:1 есебімен жеңіске жетті. Айта кетейік, талдықорғандықтар осымен екінші матч қатарынан төрт доп айырмашылығымен жеңілді. "Шахтер" - "Жетісу" кездесуіне қайта оралар болсақ, хет-трик авторы атанған колумбиялық Роджер Каньяс кездесудің үздік ойыншысы атанды. Сондай-ақ, қорғаушы Алдин Джидич пен команда капитаны Андрей Финонченко да өз еншілерін бір-бір голдан жазды.
Виктор Догодайлоның қызметінен босатылған соң бас бапкерсіз қалған "Оқжетпес" Қостанайда "Тобылдан" 1:3 есебімен жеңілді. Ал "Тобыл" турнир кестесінде 3-орынға көтерілді.
"Әдетте мен команданың қателіктеріне көп көңіл бөлемін. Бүгінгі кездесуде мен алаңға ойын барысында шыққан жігіттерге көп үміт артқан едім", - деді матчтан кейінгі баспасөз мәслихатында "Тобыл" бапкері Вячеслав Грозный.
Маусым алдында фавориттер қатарына жатқызылып, алайда біріншілікті сәтсіз бастаған "Қайрат" пен "Астана" Алматыда нөсерлеткен жауынның астында ойнады. Бірінші тайм тең жағдайда өтіп, екінші таймда Олег Протасов шәкірттері алаң иелерінің қақпасына екі гол соқты. Ал Сергей Гридин соққан доп осы турдың ең әсем голына баланды.
Шымкентке қонаққа барған "Қайсар" кезекті рет жеңілді. Ойынның төртінші минутында-ақ "Ордабасы" ойыншысы Роман Пахолюк қонақтар қақпасынан саңылау тапты. Ал жоғарғы топтық дебютанттары "Ақжайық" пен "Сұңқар" Оралда 1:1 есебімен тең ойнаса, "Ертіс" пен "Атырау" Павлодарда 0:0 есебімен тарқасты.
uefa.com