KZ
KZ RU
17 ақпан 2012 10:12

"Тараз" серб клубын ойсырата жеңді

17 ақпан 2012 10:12

Дәл қазіргі таңда "Раднички 1923" Сербия чемпионатында 4-орында келеді. 15 ойында тек бір-ақ матчта жеңілген.

"Тараз" құрамы: Азат Битабаров (Синедин Оштракович), Нұртас Кургулин (Елдос Ахметов), Александр Кучма (Айтбаев Берік), Мәдияр Мүмінов (Эрсин Махмедович), Андрей Шабаев (Вячеслав Соболев), Невен Вукман (Мақсат Әмірханов), Абдуллаи Диакате (Дәурен Әмірханов), Шерхан Бауыржан (Денис Андреев), Бауыржан Исламхан (Мирослав Лечич), Небойша Пртеняк, Иван Перич (Ерзат Кенбаев).

«Раднички 1923»: Данило Пустинякович, Иван Бозович, Любо Ненадич, Лазар Росич, Зелько Милошевич, Милош Липович, Иван Обровац, Стефан Петрович, Лазар Попович, Филипп Костич, Предраг Живадинович.

Ойын тізгінін бірден қолдарына алған жерлестеріміз көп ұзамай-ақ есеп ашты. Гол да керемет мәнерде соғылды. Сол қапталда ойқастаған Небойша Пртеняк қарсыласын бір қимылмен артта қалдырып, айып алаңына керемет пас асырған еді, "Тараздың" жас ойыншысы Бауыржан Шерхан алғашқы соққысымен-ақ допты қақпа тоғыздығына қадады.

Екінші гол да сол қапталдан асырылған пастан кейін соғылды. Оны Иван Перич баспен соқты. Ал матчқа нүктені Ерзат Кенбаев қойды.

Нәтижесінде матч 3:0 есебімен "Тараздың" пайдасына аяқталды. Енді 19 ақпанда Любко Петрович Ресейдің "Химки" клубымен кездеседі.


"Тараз" ФК баспасөз қызметі