KZ
KZ RU
30 шілде 2012 17:23

Татьяна Егорова өмірден озды

30 шілде 2012 17:23

Ресей футбол тарихының ең үздік футболшыларының бірі, бірнеше жылдар бойы Ресей ұлттық құрамасының капитаны болған, Қазақстан Республикасы Қарағанды облысының түлегі Татьяна Егорова 43 жасында өмірден өтті.

Ел чемпионатында Егорова ЦСК ВВС (Самара), "Лада" (Тольятти), "Россиянка" (Красноармейск) сынды командалардың намысын қорғаған. Бес рет ел біріншілігін жеңіп алып, үш рет Ресей кубогын иеленген. Одан бөлек, шетелде өнер көрсетіп, немістердің атақты клубы "Турбиненің" (Потсдам) жейдесін киген. Ұлттық құрама сапында 1999 және 2003 жылдары екі рет әлем чемпионатының ширек финалына шыққан. 1997 және 2001 жылдары Еуропа біріншілігінің негізгі кезеңінде өнер көрсеткен.
 

Жоғарғы жаттықтырушылық мектебін сәтті аяқтап, Татьяна Егорова бапкерлік қызметті қолына алған. Үш маусым бойы "Россиянка" клубының бапкерлер құрамына енді. Ал 2010 жылы осы клубқа бас бапкер болып тағайындалды. Оның жетекшілігімен Мәскеу маңындағы аталмыш клуб екі рет чемпион атанған. Егорова - өз клубын чемпиондыққа әкелген Ресей футболының тарихындағы жалғыз әйел бапкер.