KZ
KZ RU
01 сәуір 2014 19:25

ТБК-нің кезекті мәжілісі өтті

01 сәуір 2014 19:25
ЧЕМПИОНАТ
 
II тур
·              «Ордабасы» - «Астана»
Көрермендерінің пиротехникалық заттарды қолданғандары үшін "Астана" футбол клубына ескерту жасалды. 
 
·              «Атырау» - «Тобол»
Көрермендерінің алаңға зат лақтырғандары үшін «Атырау» футбол клубына ескерту жасалды. 
 
·              «Шахтёр» - «Актобе»
Көрермендерінің алаңға зат лақтырғандары үшін «Шахтер» футбол клубына ескерту жасалды.  
Қарсыласын ұрғаны үшін "Ақтөбе" футбол клубының ойыншысы Хайруллин Марат үш ойынға алаңнан аластатылды.
 
III тур
·              «Астана» - «Қайсар»
Футболшыларының өрескелдігі үшін (бір ойында бес ойыншысының ескерту алуы) "Қайсар" футбол клубына 150 000 теңге көлемінде айыппұл салынды. 
 
·              «Ақтөбе» - «Спартак»
Көрермендерінің пиротехникалық заттарды қолданғандары үшін "Ақтөбе" футбол клубына ескерту жасалды. 
 
·              «Тобыл» - «Жетісу»
Қарсыласын гол соғатын мүмкіндіктен рұқсат етілмеген әдіспен айырғаны үшін "Тобыл" футбол клубының ойыншысы Петухов Александр бір ойынға алаңнан шеттетілді. 
 
 
Дубльдік командалар турнирі
 
·               «Қайрат» - «Ордабасы»
Қарсыласын ұрғаны үшін "Қайрат" футбол клубының ойыншысы Жұматаев Арген үш ойынға алаңнан аластатылды.