KZ
KZ RU
22 тамыз 2013 17:57

ТБК-ның кезекті мәслихаты өтті

22 тамыз 2013 17:57
ЧЕМПИОНАТ
 
XXI тур
·              «Тараз» - «Астана».
"Астана" футбол клубының ойыншысы Валерий Коробкиннің үш матчтық дисквалификациясы екеуге қысқарып, футболшыға алты айлық сынақ мерзімі бекітілді.  
 
XXIII тур
·              «Атырау» - «Ақжайық».
Техникалық аймақтан шығып кеткені үшін "Ақжайық" футбол клубының бас бапкері Любко Петровичке 150 000 теңге айыппұл салынды.  
 
Бірінші лига
 
XXIII тур
·              «БИІК» - «Бәйтерек».
Қарсыласының гол соғатын керемет мүмкіндігіне тәртіп бұзу арқылы тосқауыл қойған "Бәйтерек" футбол клубының ойыншысы Дүйсен Абылайхан 1 кездесуге алаңнан шеттетілді.
 
XXIV тур
·              «Гефест» - «Спартак».
Алаңға ойынға қатысы жоқ бөтен біреудің шығып кеткеніне жол беріп қойғаны "Гефест" футбол клубыны 75 000 теңге айыппұл салынды.   
Қоғамдық тәртіпті жөнді ретке келтірмегені үшін "Гефест" футбол клубына сөгіс жарияланды
 
·              «Қызыл-Жар СК» - «Оқжетпес».
Командасының шектен тыс дөрекілігі үшін (бес сары қағаз) "Қызыл-Жар" футбол клубына 75 000 теңге айыппұл салынды.
 
Қосалқы құрам арасындағы турнир
 
XXIIтур
·              «Ақтөбе» - «Восток».
Ойыншысы Бағдат Нұрлыбаевтың дисквалификация мерзімін қысқартуды сұраған "Восток" футбол клубының өтініші қанағаттандырылмады. 
 
КФЛ КУБОГЫ
 
I тур
·              «Қайрат» - «Ертіс».
Қарсыласының гол соғатын керемет мүмкіндігіне тәртіп бұзу арқылы тосқауыл қойған "Қайрат" футбол клубының ойыншысы Щипков Денис 1 кездесуге алаңнан шеттетілді.
Өте дөрекі ойнаған "Ертіс" футбол клубының ойыншысы Волков Артем 2 ойынға алаңнан шеттетілді.