
Тимур Досмағамбетов – Сейілдә Байшақов сыйлығының иегері!
ҚКФЛ 2021 жылы маусымның үздік қорғаушысының жүлдесіне қазақстандық футболдың аңызы Сейілдә Икрамұлы Байшақовтың есімін беру туралы шешім қабылдады.
Маусымның үздік қорғаушысы Қазақстан OLIMPBET-Чемпионатының қатысушы командаларының бас бапкерлері мен капитандарының қатысуымен таңдалады.
Сауалнама қорытындысы бойынша «Астана» мен Қазақстан құрамасының футболшысы Тимур Досмағамбетов маусымның үздік қорғаушысы атанды. 33-жасар ойыншы маусымды «Шахтерде» бастап, жазда елордалық клубтың құрамына ауысты. Досмағамбетов чемпионатта 23 ойынға қатысап, 9 гол соқты. Сонымен қатар, ел кубогында 6 ойыны және еурокубоктарда 2 кездесуі бар.
Аяқталған маусымда Қазақстан құрамасының сапында Тимур 8 матч өткізіп, бір нәтижелі паспен көзге түсті.
Сауалнамада екінші орынды чемпионаттың 25 матчында 7 гол соққан Әлібек Қасым иеленді.
Үздік үштікті «Тобыл» мен Қазақстан құрамасының қорғаушысы Александр Марочкин түйіндеді. Марочкиннің «Тобыл» сапында 28 ойыны және Қазақстан құрамасының құрамында 8 кездесуі бар.
Өткен маусымда аталмыш жүлдені Сергей Малый жеңіп алған еді.
Кім кімге дауыс берді: