KZ
KZ RU
15 маусым 2012 15:58

Тимур Сегізбаевтың турнирі өтті

15 маусым 2012 15:58

     Турнир Балалар және жасөспірімдер лигасының ұйымдастыруымен өтті. Еліміздің ең ірі мегополисінде өнер көрсететін сегіз команда бақ сынасқан турнир өте қызықты өтіп, балалар футболдан нағыз ләззат алды. Ашылу салтанатына Қазақстан футболының ардагері Юрий Буйлов қатысып, бала кезінде Тимур Сегізбаевпен бірге бір командада ойнағанын, Ригада өткен оқушылар Спартакиадасында бірге доп тепкенін ерекше сезіммен айтып берді. "Сегізбаев қақпаға доптарды қақырата соғуымен ерекшеленетін. Келесі Спартакиадада Тимур Сегізбаев Әзірбайжан қақпасына бес гол соққан. Ал "Қайрат" сапында "Спартак Мәскеу", "Динамо Мәскеу", "Динамо Минск" секілді командалардың қақпаларына талай таңдай қағарлық голдардың соққан. Бүгінде Тимур Санжарұлының есімі КСРО-ның Виктор Понедельник,  Берадор Абдураимов,  Михаил Месхи, Геннадий Логофет және көптеген басқа атақты футболшылармен бірқатар аталады.


      Төрт күн бойы жеткіншектер бас жүлдені сарапқа салды. Бірақ, "Қайратқа" ешкім қарсылас атана алмады. Үшінші орын шағын футбол өкілдеріне бұйырса, финалда "Қайрат" академиясының екі клубы ойнады. Бұлар Валерий Тырбахтың шәкірттері еді. Бірінші командасы 10:1 есебімен жеңіске жетсе, Әлихан Әбіхаев осы ойында сегіз гол соқты. Ал жалғыз голды турнирдің сұрмергені Влад Бутырин соғып, Қазақстан футбол федерациясының вице-президенті Михал Гурманның қолынан арнайы сыйлық алды. Үздік қақпашы номинациясы №3 КДЮСШ ойыншысы Ильзат  Маметовке бұйырса, үздік қорғаушы — "Қайрат-2" командасының ойыншысы Санжан Кабиров, үздік шабуылшы — «Қайрат» шағын футбол клубының өкілі Дмитрий Мартиросян. Олар Балалар және жасөспірімдер лигасының төрағасы Ринат Тоғысов пен БЖФЛ директоры Бауыржан Сәрсекеновтің қолынан сыйлық алды. Одан кейін командалар Тимур Сегізбаевтың балалармен бірге түскен баннерінің жанында суреткен түсті.



 



Фото - Нұрбек Халымұлы