KZ
KZ RU
28 қазан 2018 20:07

«Тобыл» - 2018 жылғы маусымдағы Қазақстан чемпионатының қола жүлдегері

28 қазан 2018 20:07
Қазақстан кәсіпқой футбол лигасы «Тобыл» футбол клубы мен жанкүйерлерін 2018 жылғы маусымдағы Қазақстан чемпионатының қола жүлдесін жеңіп алуымен құттықтайды!
 
Қостанайда Премьер-лиганың 31-турында «Тобыл» мен «Астана» арасында өткен ойын алаң иелерінің жеңісімен аяқталды – 1:0. Қостанайлық ұжым үшінші орын мен 2019/20 жылғы маусымда Еуропа Лигасының іріктеу кезеңіне қатысу құқығына ие болды.