KZ
KZ RU
30 қазан 2021 19:01

«Тобыл» ФК - 2021 жылғы OLIMPBET-Қазақстан Чемпионатының жеңімпазы!

30 қазан 2021 19:01

Маусым қорытындысы бойынша 26 турда 61 ұпай жинаған қостанайлық «Тобыл» алтын медальдарды жеңіп алды. Голдар айырмашылығы - 54-18.

Екінші орынды «Астана» иеленді, олар 57 ұпай жинады. Елордалық футболшылар қарсылас қақпасына 53 гол соғып, өз қақаларына 25 гол жіберіп алды.

Үздік үштікті «Қайрат» футбол клубы түйіндеді. Алматылық команда 51 ұпай жинады. Голдар айырмашылығы: 52-21.

2021 жылғы OLIMPBET-Қазақстан Чемпионатының қорытындысы бойынша қызылордалық «Қайсар» мен талдықорғандық «Жетісу» жоғарғы лига командаларының құрамынан кетті.

Жарыстың үздік сұрмергені болып елордалық «Астананың» шабуылдаушы жартылай қорғаушысы Марин Томасов атанды. Хорватиялық легионер 17 гол соқты.