«Тобыл» ФК стадиондары жарысты жалғастыруға рұқсат алды
Қазақстан кәсіпқой футбол лигасы OLIMPBET-футболдан Қазақстан Чемпионатына қатысатын клубтардың стадиондарын тексеруді жалғастыруда. Осы аптаның басында Қостанай қаласына іссапар жасалған болатын.
Осы маусымның ойындары қаланың «Орталық» стадионында жақынарада өтпек. Алаңның табиғи төсеніші тамаша күйде. Арена инфрақұрылымының жағдайы да жақсы. Стадион басшылығы коронавирус инфекциясының таралуының алдын алу талаптары сай дайындық жүргізді. Спорттық ғимаратқа Чемпионатқа дайындығы «жоғары» деген баға қойылды.
Қостанайлық команданың қосалқы стадионы «Тобыл Арена» алдағы уақытта ойын қабылдамаса да, санитарлық нұсқау талаптарына сайт тексерістен өтті.
Қостанай қаласының футбол инфрақұрылымын елміздің барлық облыстарына үлгі ретінде келтіруге болады. Табиғи төсеніші бар «Орталық» стадион және «Тобыл Арена» манежінің арқасында «Тобыл» футбол клубы өз ойындарын қарсыластар мен жанкүйерлер үшін қолайлы жағдайда өткізе алады.
Жалғасын табатын Чемпионатқа дайындық туралы ҚКФЛ басшысы Олжас Абраев өз пікірін білдірді:
- Қазір футбол клубтары үшін қиын уақыт орын алғаны туралы біраз айтылды. Елдегі тұрақсыз эпидемиологиялық жағдай Чемпионатқа қатысушы командалардан үлкен жауапкершілікті талап етеді. Бұл жауапкершілік тек қана стадиондардың ойындарға дайындауында ғана емес, команданың күнделікті өміріне же қатысты. Лига отандық клубтарда COVID-19 вирусын жұқтырған бірнеше ойыншылар туралы хабардар. Арнайы санитарлық Нұсқау талаптарына сай клубтар міндетті түрде тест тапсырып, ауырған адамдарды командадан шеттетуі тиіс, сонымен қатар калған ойыншылар, бапкерлік штаб және әкімшіліктің жағдайын әрдайым қадағалау қажет.
Чемпионаттың барлық қатысушылары маусымды жалғастыруды қолдады. Чемпионатқа қатысы бар барлық қызметкерлерді келісілген жаңа күнтізбені бұзбауға, коронавирус инфекциясының таралуының алдын алу Нұсқау талаптарын ұстануға және сақтық танутыға шақырамын. ҚФФ және ҚКФЛ үшін ең бастысы футболда қызмет ететін барлық жандардың денсаулығы. Сонымен қатар жарыс талаптарын сыйлап, ұзақ уақыт бойы тоқтап қалған және енді жалғасын табатын чемпионатқа үлкен жауапкершілікпен келуді сұраймын.