KZ
KZ RU
11 шілде 2018 00:00

«Тобыл» клубы Еуропа Лигасын жеңіспен бастады

11 шілде 2018 00:00
УЕФА Еуропа Лигасының алғашқы іріктеу кезеңінің бірінші матчында «Тобыл» клубы грузиялық «Самтредиадан» басым түсті. 
 
Тбилиси қаласындағы Михаил Месхи атындағы стадионда өткен ойын толықтай қазақстандық команданың үстемдігімен өтті. «Тобыл» ойыншылары қорғаныста үйлесімді ойын көрсетіп, қарымта шабуылдар арқылы қарсыластың қорғанысын мазалап отырды. Кездесудің соңында Максим Федин маңызды гол соқты.  
 
Қазақстан жастар құрамасының шабуылшысы сол қапталдан допты алып, орталыққа ойысты. Әрі қарай айып алаңның сыртынан қақпаға тура соққы бағыттады - 1:0.
 
Қазақстанның Кәсіпқой футбол лигасы «Тобыл» клубын Еуропа Лигасындағы жеңісімен құттықтайды және жеңісті жолды әрі қарай жалғастыруын тілейді.