KZ
KZ RU
02 наурыз 2022 22:57

«Тобыл» - OLIMPBET-Суперкубогының иегері!

02 наурыз 2022 22:57

Қостанайлық «Тобыл» 2022 жылғы маусымдағы Қазақстан Республикасының OLIMPBET-Суперкубогы үшін кездесуде алматылық «Қайраттан» басым түсті. 

Алғашқы минуттарда ойын тең болды. Кездесудің 30-шы минутында «Қайраттың» қорғаушылары өз айып айып алаңында «Тобыл» футболшысы Душан Йованчичті шалып жақты, 11-метрлік айып добын Серікжан Мужиков тамаша орындап, өз командасын алға шығарды. «Қайрат» бразилиялық легионер Жоао Паулоның тамаша соққысымен жауап берді - 1:1.

Екінші таймда VAR ойынға араласты. 64-ші минутта VAR төрешісі ойынның бас төрешісіне «Тобыл» айып алаңындағы тәртіп бұзушылық орын алғаны туралы белгі берді. Алаңдағы эпизодты көргеннен кейін, кездесудің бас төрешісі Данияр Сахи пенальти белгіледі, бірақ «Қайраттың» португалдық легионері Рикардо Алвеш 11-метрлік соққыдан допты қақпаға дарыта алмады.

Ойынның соңына қарай алаңға қосалқы құрамнан шыққан шабуылшы Айбар Жақсылықов «Тобылдың» жеңіс голын соғып, өз командасына жаңа футбол маусымында алғашқы жүлдесін әкелді.

Тобыл - Қайрат 2:1 (1:1)
Голы: Мужиков Серікжан 30 пенальтиден (1:0), Пауло Жоао 40 (1:1), Жақсылыков Айбар 89 (2:1).
Соғылмаған пенальтиАлвеш Рикардо 64.
Ескертулер: Йованчич Душан 60, Сейдахмет Еркебұлан 60., Мужиков Серікжан 79, Алвеш Рикардо 90+2.
Тобыл: Мокин Александр, Васильев Владислав, Йованчич Душан, Кайыров Бағдат, Малый Сергей, Марочкин Александр, Бриджидо Рубен (Жарынбетов Самат 90), Мужиков Серікжан (к), Сергеев Игорь (Жақсылыков Айбар 81), Томашевич Жарко, Тошич Зоран (Тағыберген Асхат 64).
Қосалқы құрам: Аманович Алекса, Асранкулов Роман, Бұсұрманов Сұлтан, Жұмашев Жаслан, Кулпейісов Вячеслав, Мирошниченко Дмитрий, Непогодов Дмитрий, Семченков Данияр.
Қайрат: Устименко Данил, Баньяк Маки, Боранчиев Арсен, Васин Виктор, Гуральски Яцек (к), Канте Хосе (Шушеначев Артур 57.), Кейлер Сергей, Пауло Жоао (Алыкулов Гулжигит 84), Сейдахмет Еркебұлан, Үсенов Данияр (Швырев Вячеслав 57), Алвеш Рикардо.
Қосалқы құрам: Адахаджиев Адам, Жалолиддинов Жасурбек, Қасаболат Дамир, Ткаченко Егор, Ульшин Андрей, Ульянов Вадим,
Төрешілер: Сахи Данияр (Қызылорда), Орынбаев Илашбек (Түркістан облысы), Тихонюк Юрий (Ақтөбе). VAR төрешісі: Кучин Артем (Қараганды). AVAR төрешесі: Калачев Сергей (Атырау). Қосалқы төреші: Қарабаев Саят (Нұр-Сұлтан). 
2 наурыз, 2022, 19:30. Нұр-Сұлтан, «Астана Арена». 6000 көрермен.