27 желтоқсан 2017 16:56
Тобыл отандық маманды таңдады
27 желтоқсан 2017 16:56
Қостанайлық "Тобылдың" бас бапкері болып танымал қазақстандық маман Владимир Никитенко атанды.
"Тобыл" футбол клубының ресми сайтының хабарлауынша, келісімшарт Никотенкомен бір жылға жасалды.
60 жастағы Никитенконың бапкерлік мансабында жақсы қазақстандық командалар жеткілікті. Бас бапкер ретінде Владимир Андреевич "Қайсар", "Қайрат", "Ақтөбе" және "Атырау" сынды клубтарда жұмыс жасады.
"Тобылдың" жаңа бас бапкерінің ең маңызды жетістіктері: 2013 жылы "Ақтөбемен" болған чемпионаттағы бірінші орын, 2014 жылы ақтөбелік командамен Суперкубоктағы жеңіс.
Владимир Никитенко қостанайлық клубтағы жұмысты Қазақстан жастар құрамасындағы қызметімен қатар жалғастырады.
Басқа жаңалықтар