KZ
KZ RU
13 ақпан 2014 13:36

«Тобыл» Софияның «Славия» командасынан жеңілді

13 ақпан 2014 13:36

Соңғы кездері «Тобыл» өте қарымды командалармен кездесіп жүр. Бұл жолғы қарсыласы да қарсыласы айбарлы ұжымдардың бірі. Дегенмен, "Славия" клубы да қостанайлықтар туралы осындай пікірде екен.

«Қазақтар өте тәжірибелі, тактикалық ойын мәнері жетілген команда екенін көрсетті. Дегенмен, тактикалық-техникалық тұрғыда софиялықтардың шеберліктері басым болды", - деп келтіріпті ойын туралы "Славияның" ресми сайты.

Ойын "славиялықтардың" жылдам голымен басталды. Қалған бір жарым сағат бойы қостанайлықтар есепті теңестіруге тырысқандарымен діттеген мақсаттарына жете алған жоқ.

Естеріңізге сала кетейік, үшінші оқу-жаттығу жиынында "Тобыл" тағы бір жолдастық кездесу өткізуді жоспарлап отыр. 15 ақпанға жоспарланған бұл ойынға әлі қарсылас табылған жоқ. Азулы қарсыластармен келісімсөздер жүргізілуде.

fc-tobol.kz