KZ
KZ RU
25 желтоқсан 2017 19:01

Томаш Шимкович - 2017 жылғы маусымның айып добынан соғылған үздік голдың авторы

25 желтоқсан 2017 19:01

Қазақстан кəсіпқой футбол лигасы (ҚКФЛ) маусымның айып добынан соғылған үздік голын анықтау мақсатында жүргізілген сауалнаманың аяқталғаны туралы хабарлайды. 

Екі аптаның ішінде барша футбол сүйер қауым ҚКФЛ жəне футбол мамандары ұсынған голдардың арасынан ұнағанын таңдады.

Сауалнаманың нəтижесі бойынша маусымның айып добынан соғылған үздік голы болып чемпионаттың 15 турында оралдық "Ақжайықтың" қақпасына соғылған "Ақтөбе" футбол клубының жартылай қорғаушысы Томаш Шимковичтің голы танылды.

Аяқталған сауалнаманың нәтижесі бойынша номинанттардың орналасуы келесідей:
1. Томаш Шимкович, «Ақжайық»-«Ақтөбе» - 2 832
2. Бауыржан Исламхан, «Ертіс»-«Қайрат» - 1 133
3. Новица Максимович, «Тараз»-«Атырау» - 957
4. Бауыржан Байтана, «Ақтөбе»-«Тараз» - 686
5. Мақсат Байжанов, «Тараз»-«Қайсар» - 602
6. Милан Стоянович, «Тобыл»-«Шахтер» - 472
7. Патрик Твумаси, «Астана»-«Атырау» - 296 
8. Пабло Фонтанелло, «Ертіс»-«Ордабасы» -174
9. Самат Смақов, «Қайсар»-«Ордабасы» - 164
10. Максим Фещук, «Ақжайық»-«Тараз» - 39
 
Жеңімпазды және 2017 жылғы маусымның топ-10 айып добынан соғылған голдардың авторларын номинанттар қатарына кіруымен құттықтаймыз!