KZ
KZ RU
14 қараша 2018 17:09

Томасов голы – Премьер-лиганың 33-турының үздігі

14 қараша 2018 17:09
Қазақстан кәсіпқой футбол лигасы Премьер-лиганың отыз екінші турының үздік голын анықтау мақсатында жанкүйерлер арасында сауалнама жүргізді.
 
Өткен тур нәтижелі аяқталды. Ресми хаттамада тіркелген голдардың саны - 14.
 
Сауалнама Қазақстан кәсіпқой футбол лигасының ресми сайты мен «Вконтакте» әлеуметтік желісіндегі  @pflkaz парақшасында өтті.
 
Жанкүйерлерге «Астана» жартылай қорғаушысы Марин Томасовтың «Қайрат» қақпасына соққан голы ұнады. Оның голына сауалнамаға қатысқан 459 жанкүйер дауыс берді.
 
Үздік үштік келесідей:
1. Марин Томасовтың бірінші голы (Астана – Ертіс) – 459 дауыс;
2. Нұрбол Жұмасқалиев голы (Тобол – Қызыл-Жар СК) – 374 дауыс;
3. Марин Томасовтың үшінші голы (Астана – Ертіс) – 285 дауыс.
 
Марин Томасов голы қараша айының үздіктері сауалнамасына қатысады.