16 наурыз 2018 14:41
Томасовтың голы – Премьер-лиганың бірінші турының үздік добы
16 наурыз 2018 14:41
Қазақстан кәсіпқой футбол лигасы (ҚКФЛ) жанкүйерлер арасында ел Чемпионатының бірінші турының үздік голын анықтады.
Футбол сүйер қауымының таңдауына 14 соғылған доптың 12 ұсынылды. Аталған сауалнамаға екі доп кірмеді – «Ақтөбе» жартылай қорғаушысы Асланбек Кәкімовтің «Қайсар» қақпасына пенальтиден соғылған голы және «Ертіс» қорғаушысы Александр Кислицыннің өз қақпасына соғылған автоголы.
Сауалнама ҚКФЛ ресми сайтында және Вконтакте әлеуметтік желісінің @pflkaz тобында жүрді.
Сауалнама нәтижесі бойынша жанкүйерлердің 39,2% «Ақжайық» қақпасына айып добынан соғылған Марин Томасовтың голына дауыс берді.
Премьер-лиганың бірінші турының үздік үш голы қатарына келесі доптар кірді:
1. Марин Томасов голы («Астана»-«Ақжайық» - 3:0) – 353 дауыс
2. Дамира Кояшевича голы («Ордабасы»-«Шахтер» - 2:1) – 130 дауыс
3. Дору Попадюка голы («Ертіс»-«Атырау» - 2:1) – 107 дауыс
Томасовтың голы «Наурыз айының үздік голы» атағына үміткер болады. Наурыз айының соңында айдың үздік голы анықталады.
Басқа жаңалықтар