KZ
KZ RU
25 маусым 2019 10:30

Трансфер маусымының екінші тіркеу кезеңі басталды

25 маусым 2019 10:30

Қазақстанның кәсіпқой футбол лигасы 26 маусымнан бастап 2019 жылғы Қазақстан Чемпионаты мен Біріншіліктерінің қатысушыларына арналған трансфер маусымының екінші тіркеу кезеңі басталғанын хабарлайды.

Екінші тіркеу кезеңі 24 шілдеге дейін созылады. Осы күнге дейін лига мүшелері өз командаларының тізіміне өзгеріс енгізе алады.

Қазақстанның кәсіпқой футбол лигасының ресми сайтында футболшылардың тізіміндегі өзгерістер құжаттардың қабылдауына байланысты жылдам жаңартылады.