KZ
KZ RU
03 қазан 2019 18:10

Қуаныш Қалмұратов: «Биыл кубокты көкке көтереміз деп үміттенемін»

03 қазан 2019 18:10

 

23 жастағы «Атырау» командасының қорғаушысы Қуаныш Қалмұратов Қазақстан кәсіпқой футбол лигасының баспасөз қызметіне берген сұхбатында 2019 жылғы Қазақстан Кубогының финалында «Қайсармен» өтетін ойын туралы айтып берді:
 
- «Атырау» тағы да Қазақстан Кубогының финалы шықты. Жылдан жылға финалда жеңіске жетуге деген ынта-жігер арта түсе ме?
- Әрқашан шектен тыс мотивация болады. Әсіресе, финалда екі еселенеді. Жанкүйерлер үшін кубокты жеңіп алғымыз келеді. Олар үшінші жыл кубокты күтіп жүр.
 
- Биылғы маусымда жаттығу процесінде өзгеріс бар ма?
- Иә, жаттығу процесі өзгерді. Ойын жүйесі мен стандартты орындауда байқалады.
 
- Өткен екі жылмен салыстырғанда биыл финалға шығу қиын болды ма? Кубоктың қай ойыны есте қалды?
- Финал шыққан әр жолдың өз ерекшелігі бар. Биыл да оңай болған жоқ. Екі рет финалда есе жіберген едік. Биыл кубокты көкке көтереміз деп үміттенемін. Үшінші финал есте қалады деп ойлаймын!
- Команданың қазіргі жағдайы қалай? Кубок ұтып алуға нақты мақсат бар ма?
- Біздің команданың жағдайы өте жақсы. Бір-бірімізді үнемі қолдап жүреміз. Әр ойын – біз үшін финал!
 
- «Қайсармен» ойыннан не күтесіз?
- Финалға толық дайындықпен келеміз. Жеңіс үшін қолдан келгеннің бәрін жасаймыз.