KZ
KZ RU
09 қараша 2017 19:49

Қуаныш Қарақұлов: Жігіттер бар күшін салып ойнады және өздерін жақсы жақтан көрсете білді

09 қараша 2017 19:49
Сіздің назарларыңызға "Мақтарал" футбол командасының бас бапкерінің ойыннан кейінгі баспасөз конференциясын ұсынамыз:

- Біріншіден, Астанаға команданы қолдауға келгені үшін жанкүйерлерге ризашылығымды білдіремін. "Ақжайық" бүгін бізден басым түсті. Футбол - бұл жеңімпаздар мен жеңілгендері бар ойын. Бірақ, біз бүгін ұтылдық деп санамаймын - шамалы ғана сәттілік жетіспеді. Ойыншылар беріліп өнер көрсетті, оларға да рақмет айтамын. Біздер мақсат еткен барлық жоспарларды жүзеге асырдық. Шеберлік жетіспеді, бірақ жігіттер бар күштерін салып, жүз пайызға беріліп ойнады. Ойын біздің пайдамызға да аяқталуы мүмкін еді.

- Мүмкін ойын алдында клуб басшыларымен кездесу болған болар? Олар қандай мақсат қойды? - Клуб аудан атынан жарыстарға қатысады, сол себептен аудан басшылары бізге максималды мақсаттар қоюда. Біз Премьер-Лигаға шыққанды қалаймыз.  

- Сіздің үздік сұрмерген ұлттық құраманың сапында, алайда оны жібермеуге болатын еді. Неге осындай шешім қабылдадыңыз?- Едіге Оралбай осы маусымда көп ойындарда өзінің үлесін қосты, сол себептен біздер оны ұлттық құрамаға ертерек шақыртады деген ойда болдық. Құрамаға шақырту күнде келе бермейді, құрама - ол өте маңызды. Бұл жағдайда ешқандай сұрақтар болмауы керек, егер ойыншыны шақырса, ол баруы керек. Менің ойымша, бұл шешім қате емес.