KZ
KZ RU
26 желтоқсан 2013 15:46

"УЕФА және ФИФА додаларына қатысу үшін Қазақстан Республикасының клубтарын сертификациялау тәртібі" деген тақырыпта семинар өтті

26 желтоқсан 2013 15:46

Семинарға Премьер-лига мен Бірінші лига клубтарының өкілдері, сондай-ақ, Қазақстан футбол федерациясының Балалар-жасөспірімдер футболы бөлімі, Кәсіпқой футбол лигасы және Техникалық орталығының өкілдері қатысты.


Семинарды Сертификациялау департаментінің жетекшісі А.В. Срымов ашып, алдымен сертификациялаудың жаңа кезеңінің басталуымен құттықтады.


Техникалық орталықтың жетекшісі профессор Қ.И. Адамбеков бапкерлер құрамын баулудың бағдарламасы жөнінде баяндама жасап, келер жылдың оқу кестесімен таныстырды. Одан кейін Сертификациялау жөніндегі департаменттің өкілдеріне кезек жетті. Олар "Қазақстан футбол федерациясының ұйымдастыруымен өтетін додаларға футбол клубтарын сертификациядан өткізу тәртібі" деген тақырыпта баяндама жасады.


Сонымен қатар, ҚФФ-тың Атқарушы директоры Олжас Абраев та сөз кезегін алып, футбол клубтарының өкілдерін өткен маусымның аяқталуымен және Қазақстан футболының 100 жылдығымен құттықтады. Атқарушы директоры футбол клубтарының өкілдерімен диалогтық тәртіпте әңгімелесіп, стадиондардың инфрақұрылымдары жөнінде сұхбат жүргізді.


Қазақстан футбол федерациясының өкілдері арасынан Спорт директорының орынбасарыс Қанат Мұсатаевпен Балалар-жасөспірімдер футболы бөлімінің басшысы Сергей Кенетаев сөз алып, аймақтардағы футбол орталықтарының жұмыстары жайлы айтып өтті.