KZ
KZ RU
05 сәуір 2022 12:52

Уго Видемонттың голы – наурыз айының үздігі!

05 сәуір 2022 12:52

Қазақстан кәсіпқой футбол лигасы 2022 жылғы маусымның наурыз айының үздік голын анықтау мақсатымен жанкүйерлер арасында сауалнама өткізді.

Жанкүйерлердің таңдауына Қазақстан OLIMPBET- Чемпионатының бастапқы 3 турының ойындары аясында соғылған 6 гол ұсынылды.

Сауалнама қорытындысы бойынша «Ақтөбе» футболшысы Уго Видемонттың голы бірінші орынға ие болды. Аталмыш голды Видемонт Қазақстан OLIMPBET-Чемпионаты 2-турының ойынында «Атырау» қақпасына соқты (2:1). Бұл нәтижелі соққыға 894 (43, 57 %) адам өз дауыстарын берді.