KZ
KZ RU
13 қаңтар 2020 15:34

Uniforia – 2020 жылғы маусымның ресми добы

13 қаңтар 2020 15:34

Қазақстанның кәсіпқой футбол лигасы 2020 жылғы маусымның ресми добын таныстырады. 

Премьер-лига, Бірінші лига және Екінші лига ойындарында Adidas компаниясының Uniforia добы қолданылады.
 
Uniforia добы 2020 жылғы Еуропа Чемпионатының ойындарына арнайы шығарылған. Доптың дизайнында дүбірлі доданы қабылдайтын 12 қалаға құрмет көрсетілген.