KZ
KZ RU
09 қараша 2017 19:51

Вахид Масудов: Жігіттер бар күшін салып, команданы Премьер-Лигада сақтап қалды

09 қараша 2017 19:51
Сіздің назарларыңызға "Ақжайық" футбол командасының бас бапкерінің ойыннан кейінгі баспасөз конференциясын ұсынамыз:
 
- Ойын оңай болмады, себебі қарсылас уәждемелі болды - бұл көзге түсіп тұрды. Әрине, бізге эмоция жетіспеді, себебі маусым қиынға түсті, күреске көп күш жұмсадық. Бұл ойында да допқа деген талас көп болды. Өкінішке орай, біздер қарсылас қақпасының қасындағы мүмкіндіктерді пайдаланбадық, сол себептен ойынның жеңімпазы кездесудің аяғына дейін анықталмады. Менің пікірімше, жігіттер бар күшін салып, команданы Премьер-Лигада сақтап қалды. Қазір тіпті қуануғада күш жоқ, себебі маусым қиын болды.