KZ
KZ RU
19 мамыр 2023 17:53

Виктор Грабко - Екінші лиганың Оңтүстік-Батыс конференциясының сәуір айындағы үздік ойыншысы

19 мамыр 2023 17:53
Қазақстанның кәсіпқой футбол лигасы дәстүр бойынша 2023 жылғы сәуір айының қорытындысы бойынша Оңтүстік-Батыс конференциясының үздік ойыншысын анықтау мақсатында Екінші Лига командаларының бас бапкерлері мен капитандары арасында сауалнама өткізді.
 
Сауалнамаға қатысқандардың әрқайсысы өздерінің үздік үштігін таңдады. Әрі қарай, орындарға байланысты ойыншыларға ұпайлар берілді: бірінші орын үшін - 3 ұпай, екінші орын үшін - 2 ұпай, үшінші орын үшін - 1 ұпай. Нәтижесінде барлық ұпайлар жинақталды.
 
Сауалнама қорытындысы бойынша Оңтүстік-Батыс конференциясының үздік футболшысы «Іле-Сәулет» командасының шабуылшысы Виктор Грабко атанды. Сәуір айында ол өз командасының екі ойынына қатысты.
 
Грабко және оның әріптесі Мадияр Нұралы бірдей ұпай жинады, бірақ Виктор дауыс беруде бірінші орын алған ұпайлар саны бойынша Нұралыдан озып кетті.
 
Кім кімге дауыс берді: