KZ
KZ RU
24 қараша 2017 01:07

Вильярреалмен тең шайқас

24 қараша 2017 01:07
УЕФА Еуропа Лигасының бесінші турында елордалық "Астана" испандық "Вильярреал" командасына бір доп айрмасымен жеңіліп қалды - 2:3.
 
Қарсыластың шеберлігіне қарамастан, елордалық ұжым Джуниор Кабананганың көмегімен әдемі гол соғып, ойынды ұшқыр бастады. "Астана" екінші гол соғуы мүмкін еді, бірақ Твумасидің мығым соққысын қарсылас команданың қықпашысы қайтара білді. Уақыт өте келе қонақтар есепті теңестірді.
 
Екінші кезеңде ел чемпиондары сенімді қимылдай білді, бірақ ойынға қосалқы құрамнан қосылған испандық команданың шабуылшысы Седрик Бакамбю ойынға өзгеріс енгізді. "Вильярреалдың" ойыншысы екі доп соқты. Елордалық ойыншылар шайқассыз берілмеді, аз ғана уақыт ішінде олар қарсыластардың қақпасының маңында бірнеше қауіпті мүмкіндіктер жасады.
 
Осындай шабуылдардың бірінде Патрик Твумаси есеп айырмасын бір допқа дейін қысқартты. Негізгі уақытқа қосылған қосымша минуттарда "Астана" испандық команданы қыспаққа алып, жіңілістен аман қалуы мүмкін еді, бірақ біздің ойыншыларға шабуылдарды аяқтау кезінде сәттілік жетіспеді.   
 

"Астана" ымырасыз футбол көрсетті, испандық қарсыласпен тең ойнай білді және де еліміздің барлық жанкүйерлеріне ұмытылмас футбол кешін сыйлады.