KZ
KZ RU
29 ақпан 2016 11:35

Виталий Спарышев: «Екібастұз» командасы тек қана Павлодар облысының футболшыларынан құрылуда»

29 ақпан 2016 11:35
- Виталий Иванұлы, дайындық қалай өтуде? Қандай жаңалықтар бар?
- Біз қаңтар айында дайындықты бастадық. Командада тек қана Павлодар облысы футбол мектебінің түлектері жиналған. «Ертіс» клубының қосалқы құрамының ойыншылары бар, біздің, екібастұздық жігіттері де дайындалуда. Залда жаттығу жүргіземіз. Қазақстан Кубогының алдын-ала кезеңінің матчтарына қатысу үшін Шымкент қаласына баратын ойымыз бар. Әлі күнге дейін қаражат мәселесінің шешілуін күтеміз. Екібастұз қаласында стандартқа сай бір де бір жасанды футбол алаңы жоқ.
 
- Командадан кімдер кетті?
- Тілектес Әубәкіров және Денис Исаков секілді тәжірибелі ойыншылар облыс чемпионатында өнерін көрсетіп жүр. Команда сапында олар жоқ. Жаңадан келген футболшылар туралы айтсақ, олардың барлығы Павлодар және Екібастұз қалаларының жас ойыншылары.
 
- Екібастұз футболының соңғы тәжірибелі шәкірттері – Дмитрий Шомко және Қуаныш Бегалин.  Олардың жолын қайталай алатын жас футболшылар бар ма?
Талантты ойыншылар аз емес. Оларға уақыт керегі белгілі. Менің ойымша, бір-екі жылдан кейін осы жас футболшылардың кейбіреулері «Ертіс» командасының негізгі құрамында ойнауы тиіс. Оларды атай алмаймын, себебі мақтаудың керісінше әсері болуы да мүмкін.
 
- Владимир Линчевский өз жұмысын жалғастыра ма?
- Онымен келісім-шарт аяқталды. Енді жергілікті мамандар жұмыс істейді. Мүмкін Қуаныш Өтеулов команданы жаттықтырады. Оған өз талантын көрсетуге мүмкіндік беруіміз керек. Қазір олар Николай Курганский екеуі осы жұмысты атқаруда.
 
- Бақылау ойындарын өткіздіңдер ме?
- Тек екі жақтық жаттығу ойындарын өткіздік. Астанада «Бәйтерек» клубымен ойнауға жоспарымыз бар, немесе Павлодарда «Ертістің» қосалқы құрамымен ойнаймыз. Барлығы да қаражатпен тығыз байланысты. Бірақ өткен маусым бойынша ойыншылардың алдында қарыздарымыз жоқ.