KZ
KZ RU
21 желтоқсан 2012 16:52

Владимир Никитенко – "Ақтөбенің" бас бапкері

21 желтоқсан 2012 16:52

    Жаңа жаттықтырушыны көпшілікке клуб президенті Сағат Еңсегенұлы таныстырды. Негізі, Никитенко бұрын да (1994 ж.) Ақтөбеде қызмет атқарған. Ол кезде команда "Актюбинец" аталыпты. Оның үстіне, Никитенко ол кезде бас бапкер емес, жай ғана жаттықтырушылар штабында болған екен. Ал соңғы екі маусымда бұл маман Қызылорданың "Қайсарын" жаттықтырды.

     Сонымен, келесі жылы тағы да Еуропа лигасында бақтарын сынайтын "Ақтөбе" футбол клубы бүгін жаңа маусымға дайындықтарын бастап та кетті. Енді он күндік оқу-жаттығу жиынан соң 27 желтоқсанда "Ақтөбе" футболшылары өзара екіге бөлініп, "жолдастық кездесу" өткізбек. Одан кейін футболшылар үйді-үйлеріне тарқасып, 2013 жылдың 7 қаңтарында қайта бастары қосылады. Түздегі оқу-жаттығу жиынынан сол күні-ақ аттанады. Яғни, команда Түркияның Анталья қаласына бет түземек.

Им стал известный казахстанский специалист Владимир Никитенко. Нового наставника собравшимся представил президент ФК «Актобе» Сагат Енсегенулы.

В 1994 году Владимир Никитенко уже входил в тренерский штаб команды из нашего города, которая тогда называлась «Актюбинец». В тот год актюбинцы дошли до финала Кубка Казахстана.



Бапкерлік жолы


1990-1992 – «Химик» (Жамбыл)

1993 – «Достық» (Алматы) – ҚР кубогының иегері (1993)

1994 – «Актюбинец» - ҚР кубогының финалисі (1994)

1995 – «Елімай» - ҚР чемпионы, ҚР кубогы және суперкубогының иегері (1995)

1996-1997 – «Қайрат» - 3 орын, ҚР кубогының иегері (1997)

1998-2000 – «Қайрат-Бутя» - 3 орын,
ҚР кубогының иегері

2001-2002 – «Атырау» - екі дүркін күміс жүлдегер (2001, 2002)

2003-2007 – «Терек» (Грозный) аға бапкер - Ресей бірінші лигасында 3-орын (2003), Ресей бірінші лигасының жеңімпазы (2004), Ресей кубогының иегері (2004), Ресей бірінші лигасының вице-чемпионы

2008-2011 – «Қайсар»

2011 – «Қайрат»

2011-2012 – «Қайсар»

С 2012 года – «Ақтөбе»