KZ
KZ RU
10 тамыз 2023 15:43

Владимир Никитенко - UBET-Бірінші Лиганың шілде айындағы үздік бапкері

10 тамыз 2023 15:43

Қазақстан кәсіпқой футбол лигасы 2023 жылғы шілде айының қорытындысы бойынша UBET-Бірінші Лига клубтары арасындағы Біріншіліктің үздік бапкерін анықтау мақсатымен Бірінші Лига командаларының бапкерлері арасында сауалнама өткізді.

Сауалнама қорытындысы бойыншатурнир кестесінің көшбасшысы «Елімай» командасының бас бапкері Владимир Никитенко әріптестерінің қолдауына ие болып, өткен айда үздік атанды. Владимир Андреевичтің шәкірттері шілде айында бес рет жеңіске жетіп, барлығы 15 ұпай жинады. Тәжірибелі маманға алты бапкер өз дауыстарын берді.

Үздіктер қатарына екі дауыстан жинаған үш маман кірді. Олар Эдуард Глазунов («Жас Қыран»), Игорь Прохницкий («Ақжайық») және Александр Фамильцев («Тұран»).

Кім кімге дауыс берді: