KZ
KZ RU
10 тамыз 2023 16:07

Владислав Ложкин–UBET-Бірінші лиганың шілде айындағы үздік ойыншысы

10 тамыз 2023 16:07
Қазақстан кәсіпқой футбол лигасы 2023 жылғы шілде айындағы UBET-Бірінші Лига клубтары арасындағы Біріншіліктің үздік ойыншысын анықтау үшін Бірінші Лига командаларының бапкерлері мен капитандары арасында сауалнама өткізді.
 
Өткен айдың үздік ойыншысы «Тұран» футбол клубының шабуылшысы Владислав Ложкин атанды.
 
Беларусь жастар құрамасының шабуылшысы шілден айында өткен төрт ойында 8 гол соғып, 2 нәтижелі пас берді, осылайша ол командаға 12 ұпай жинауға көмектесті.
 
Сауалнамада екінші орында «Ақжайықтың» шабуылдаушы футболшысы Бақдәулет Көңлімқос орналасты. 22-жасар жартылай қорғаушы шілде айында 4 ойында 4 голмен көзге түсті.
 
Үздік үштікті Едіге Оралбай («Қыран») жапты. UBET-Бірінші Лиганың маусым айындағы үздік ойыншысы өткен айда төрт матч өткізіп, «Хан-Тәңірі» командасынң қақпасына жеңіс голының авторы атанды.
 
Кім кімге дауыс берді: