KZ
KZ RU
27 шілде 2013 19:54

«Восток» - дубльдік командалар турнирінің жеңімпазы!

27 шілде 2013 19:54

Ел біріншілігінің 21-туры аясында "Шахтердің" жеңген Сергей Салий шәкірттері басты бәсекелестерінен жеткізбестей ұзап кетті. Рас, Павлодардың "Ертісінде" шығыстық клубты қуып жетуге мүмкіндігі болған. Бірақ "Ертіс" Алматының "Қайратынан" жеңіліп қалды.


Жас маман Сергей Салийдің командасы біріншілікті өте сенімді өткізіп, 50 ұпай жинады. 16 ойында жеңіске жетіп, үш қана кездесуде жеңіліп қалыпты. Екі матчын тең аяқтаған.
 

Командалық ойын өрнегін жақсы жолға қойып алған өскемендіктердің сапында көшбасшы ойыншы жоқ. Бірақ "бірі бәрі үшін, бәрі бірі үшін" деген ұстанымды керемет ұстанады.  Мәселен, дубльдік командалар турнирінің үздік сұрмергендер бестігінде бірде бір "Восток" ойыншысы жоқ екен. Жалпы, маусым барысында дубльдік команданың үш ойыншысы Премьер-лига алаңына шыққан. Сондай-ақ, тағы бірнеше жас ойыншысы негізгі құрамның жаттығуларына тартылып жүр.