KZ
KZ RU
18 желтоқсан 2013 17:02

«Восток» маусымға дайындықтарын бастады

18 желтоқсан 2013 17:02

Демалыстан шыққан футболшылар алдымен "Восток" стадионында бір жарым сағаттық жаттығу жиынын өткізді. Ауа-райы да биыл әдеттегідей емес, жайлырақ. Қар да соншалықты көп емес. Жаттығуға барлығы 25 ойыншы қатысты. Көбісі команданың қосалқы құрамындағы жігіттер. Бұлар өткен маусымда дубльдік командалар арасындағы Қазақстан біріншілігінде қарсылас шақ келтірмей, жеңімпаз атанған. Тәжірибелі футболшылардан Павел Удалов пен Антон Молтусинов бар. Сондай-ақ, бапкерлер алқасы "Восток" футбол орталығының 1996 жылғы жеткіншектерінің арасынан дарындыларын іріктеуде.

Сонымен не керек, Павел Евтеев пен Сергей Салийдің басшылығымен футболшылар алаңда тек жүгіріп қана қоймай, доппен де жаттығулар жасады. Жалпы, желтоқсан айының соңына дейін команда жаттығуларын "Восток" стадионында өткізбек. Сонымен қатар, дене шынықтыру-сауықтыру кешенінің спорттық залында жаттығулар өткізіп, бұлшық еттерін нығайтуға ден қояды. 

 «Восток» ФК баспасөз қызметі