KZ
KZ RU
25 сәуір 2018 17:20

Вперед, футбол! Алға, Qazaqstan!

25 сәуір 2018 17:20

Астанада Қазақстан футбол федерациясының Кезекті XVII Конференциясы өтті.

Қазақ футболының аңызы Тимур Сегізбаевты еске алумен басталған шараға ҚФФ мен ҚКФЛ жетекшілері, аймақтық футбол федерацияларының делегаттары мен футбол клубтарының директорлары қатысты.

Конференцияның ең маңызды бөлігі 2018-2022 жылдарға арналған «Вперед, футбол! Алға, Qazaqstan!» атты қазақстандық футболдың даму стратегиясының таныстыру рәсімі болды. Стратегияны жазуға отандық футболдың бірнеше танымал мамандары қатысты. Олардың ішінде ресейлік «Рубин» футбол клубының бас бапкеоі Құрбан Бердыев те болды.

Федерация алдағы уақытта ұйымның негізгі жеті бағытын анықтады:

- Ұлттық құрамалар, кәсіпқой футбол

- Балалар мен жасөспірімдер футболы

 - Бапкерлерді оқыту

 - Бұқаралық футбол 

- Төрешілік 

- Материалдық техникалық қамтамасыз ету 

- Маркетинг

Конференцияға құрметті қонақ ретінде «УЕФА Ұлттық құрамалар қауымдастығының директоры Зоран Лакович, қазақстандық футболдың ардагері және аты аңызға айналған алматылық «Қайраттың» шабуылшысы Евстафий Пехлеваниди, «Рубин» футбол клубының жастар футболының даму бағдарламасының жетекшісі Иван Данильянц қатысты.

Сонымен қатар, ұйымның Атқарушы комитетінің жаңа құрамы сайланды.  

Конференция аяқталғаннан кейін Футбол үйі манежінің жасыл алаңы жолдастық матчпен ашылды. Жолдастық кездесуге Қазақстан футбол федерациясы мен Қазақстан Кәсіпқой футбол лигасының жетекшілері, қазақстандық футбол клубтарының директорлары мен футбол ардагерлері қатысты.