02 наурыз 2022 11:00
Яцек Гуральски: «Жаңа маусымның басталуын асыға күтеміз»
02 наурыз 2022 11:00
Алматылық «Қайраттың» көшбасшысы Яцек Гуральски Қазақстан кәсіпқой футбол лигасының баспасөз қызметіне берген сұхбатында құрамадағы өзгерістер туралы айтып берді, сондай-ақ OLIMPBET-Қазақстан Суперкубогы үшін алдағы ойыннан не күтетіндігі жөнінде ой бөлісті.
Қысқы үзіліс кезеңде «Қайраттың» құрамы үлкен өзгерістерге ұшырады, 2022 жылғы маусымда команданың негізгі құрам ойыншыларының бірі, Польша құрамасының жартылай қорғаушысы Яцек Гуральски болып табылады.
- Яцек, сіздің командаңыздың дайындығы туралы айтып беріңізші.
- Барлық дайындық жоспар бойынша өтті, команда екінші жаттығу жиынын Түркияда өткізді. Бірінші ОЖЖ Алматыда өтті. Біз маусымға бар күшімізді салып дайындалудамыз, шын айтсам, мен де команда сияқты, жаңа маусымның басталуын асыға күтудемін.
- Маусым алдында командада үлкен өзгерістер орын алды. Жаңа маусымда жанкүйерлерді не күтеді?
- Шынымен де, клубта үлкен өзгерістер болды. Бас командаға клуб құрамындағы командалардан келген жас және талантты балалар қосылды. Жаңа маусымда жастарға деген сенім мол.
- Бұл- Құрбан Бердыев бастауымен өткен алғашқы жиын. Маман дайындық барысында неге көңіл бөлуде?
- Құрбан Бердыев сияқты мықты маманның басшылығымен жұмыс жасау мен үшін өте қуанышты. Маусымға дайындық процесінде ол ұсақ-түйек мәселелерге аса жоғары көңіл бөледі, сонымен қатар тактика мен физикалық дайындыққа назар аударады.
- Алда Қазақстан Суперкубогы үшін ойын. Сіз үшін бұл— чемпионатқа дайындық аясында өтетін қарапайым ойын ба, әлде өз қоржыныңызды тағы бір жүлдеге толтыру мүмкіндігі ме?
- Суперкубок үшін өтетін ойын мен үшін маусымға дайындық аясындағы кезекті матч емес. Мен әрқашан жеңгім келеді! «Тобылмен» өтетін ойын команда үшін өте маңызды, өйткені бұл «Қайрат» пен команда жанкүйерлері үшін кезекті трофейді жеңіп алу мүмкіндігі.
Басқа жаңалықтар