KZ
KZ RU
20 қаңтар 2012 21:26

Йозеф Блаттер ҚФФ өкілдерімен кездесті

20 қаңтар 2012 21:26

 

Виктор Катков ҚФФ-ның 2011 жылы атқарған істерін қысқаша айтып беріп, алдағы уақыттағы жоспарларымен бөлісті. Атап айтқанда, ҚФФ-ның білім беру мақсаттары, инфраструктуралық бастамаларды жақсартуға бағытталған әрекеттер , аймақтық федерацияларды дамыту туралы жоспарлар және де «Қазақстан Республикасындағы балалар және жасөспірімдер футболының 2012-2022 жылдар аралығындағы дамуы концепциясың" қабылданғаны туралы да айтылды.

Өз кезегінде Блаттер мырза да Қазақстандағы футболдың дамуына көңілі толатындығын жеткізді.
"Жақсыбеков мырзаға менің ізгі тілектерімді жеткізуіңізді сұраймын. Көпшілікке мойындалған бұл басшыға жаңа белестерді бағындыруын тілеймін. Ал Қазақстан командасына алдағы жылдарда сәттілік жолдас болсын! Сіздердің балалар және жасөспірімдер футболына мынадай көңіл бөлгендеріңіз мені қуантып отыр. Бұл сіздердің болашақтағы жеңістеріңіздің кепілі деп білемін. Еуропа чемпионаты іріктеу турнирі аясындағы Қазақстан - Австрия матчын тамашалағанмын. Сол кездеойындарыңызды көріп әсерленіп қайтқан едім. Болашақта Еуропаның азулы құрамаларымен тең дәрежеде бәсекелесуге керемет мүмкіндіктеріңіз бар деп санаймын. Болашақтарыңыз зор. ФИФА бұдан әрі де ҚФФ-ның футболды дамытуға бағытталған бастамаларын қолдап отыратын болады.

Виктор Катков коротко рассказал о деятельности ФФК в 2011 году и поделился планами на текущий период. Речь шла об образовательной миссии ФФК, инициативам по улучшению инфраструктуры, развитии региональных федераций и, конечно же о принятии «Концепции развития детско-юношеского футбола в РК 2012–22 гг.»


«Позвольте передать мои наилучшие пожелания господину Джаксыбекову. Желаю достигнуть этому признанному руководителю новых высот, а командам Казахстана — успеха на предстоящие годы. Меня радует, какое значение вы уделяете детско-юношескому футболу, ведь это — залог ваших будущих побед! Я видел игру национальной команды Казахстана с Австрией в рамках отборочного турнира Чемпионата Европы и остался под впечатлением от увиденного. Я считаю у Вашей сборной прекрасное будущее и хорошие шансы конкурировать с сильными европейскими сборными. ФИФА и в дальнейшем намерена поддерживать ваши инициативы, направленные на развитие футбола» — заявил Зепп Блаттер.
 
Сондай-ақ кездесуге ФИФА-ның Ұлттық қауымдастықтар бойынша директоры Тьерри Реженасс, ФИФА-ның шығыс Еуропа және ТМД елдері бойынша аға менеджері Ева Паскье және ҚФФ Халықаралық департаментінің басшысы Қуаныш Қанапьянов қатысты.

Михаил Шапаевтың суреттері, РФС