KZ
KZ RU
04 қазан 2018 15:55

Қыркүйек айының үздік ойыншысы мен бас бапкері таңдалды

04 қазан 2018 15:55
Қазақстан Кәсіпқой футбол лигасы (ҚКФЛ) қыркүйек айының қорытындысы бойынша Қазақстан Чемпионатының ең үздік ойыншысы мен жаттықтырушысын таңдады.
 
Сауалнама Премьер-лига командаларының бас бапкерлерінің қатысуымен жүргізілді.
 
Үздіктерді анықтау барысында сауалнамаға қатысушы өзінің үш ойыншыдан тұратын тізімін атады. Алған орынға байланысты ойыншыларға ұпайлар берілді: 1 орын үшін – 3 ұпай, 2 орын үшін – 2 ұпай, 3 үшінші орын үшін – 1 ұпай. Ұпайларды қосу арқасында қорытынды шығарылды.
 
Үздік бапкерді анықтау барысында сауалнамаға қатысушылар бір ғана үміткерді атады.
 
Сауалнама нәтижелері келесідей:
 
24 ұпай жинаған «Ақтөбе» сұрмергені Маркос Пиззелли Премьер-лиганың қыркүйек айындағы үздік ойыншысы атанды. 
 
Қыркүйек айының үздік бас бапкері атағын «Астана» жаттықтырушысы Григорий Бабаян иеленді. Оның үміткерлігін дауыс берушілердің жартысы қолдады.