Юрий Бондаренко: «Біз мықты команданы құрмақпыз»
- Юрий Геннадийұлы, "Ордабасы" клубының бірінші оқу-жаттығу жиынында жұмысты бастаған футболшылар туралы айта аласыз ба?
- Қазір командамен бірге Түркияда Бойченко, Отарбаев, Бондаренко, Сүімбаев, Мухтаров, Кожабаев, Абдулин, Бейсенов, Әшірбеков, Адырбеков, Гейнрих, Ерланов, Нұрғалиев, Ірісметов, Төлебек, Покатилов, Тәжімбетов,Трайкович, Юнузович, Симчевич, Тұрғанбаев, Биекенов, Махамбетов, Кенетаев, Жақсыбаев, Кайкибасов, Радивоевич, Касалица секілді футболшылар жаттығу өткізуде.
- Қуаныш Қарақұловтың орнына бапкер болып кім келді?
- Қазір бапкерлік құрамға Бахтияр Байсейітов, сербиялық маман Небойша Топалов және Мухсин Мұхамадиев кіруде.
- Сіздің командаңыз тек қана қорғаушы Владимир Покатиловты ма, әлде оның ағасы Стасты да оқу-жаттығу жиынына шақырды ма?
- Олардың екеуі де бізбен бірге жұмыс істеуде.
- Бұқаралық ақпарат құралдарында "Ордабасының" Самат Смақовқа жасаған ұсынысы туралы да жазылған.
- Ия, ол рас, бірақ біз келісімге келмедік.
- Облыс әкімі команда алдында мақсат қойды ма?
- Жоқ әлі. Бірақ дәл қазір біздің басты мақсатымыз - мықты команданы құру.
- Ғафуржан Сүімбаевтың кетуі туралы да көп айтылған.
- Ол біздің командада қалмақ, себебі Сүімбаевтың келісім-шарты болашақ маусымның соңына дейін жарамды.