KZ
KZ RU
30 қазан 2017 13:51

Қызыл-Жар СК Бірінші лига Біріншілігінің күміс медальдарымен марапатталды

30 қазан 2017 13:51
Петропавл қаласында 2017 жылғы Бірінші лига командалары арасында Қазақстан Республикасының Біріншілігінің күміс жүлдегері "Қызыл-Жар СК" футбол клубы марапатталды.
 
Іс-шараға Қазақстан кәсіпқой футбол лигасының Президенті Азамат Айтқожин мен Солтүстік Қазақстан облысының Әкімі Құмар Ақсақалов қатысты.
 
Аймақ басшысы ойыншылар мен бапкерлік штабқа жоғарғы лигада өнер көрсетуге мүмкіндік алғаны үшін алғыс айтты. Сонымен қатар, Ақсақалов стадионда жиналған қауымға Солтүстік Қазақстан облысы келесі маусымда Премьер-лигаға қатысуға дайын екен айтып кетті.  
 
Ал ҚКФЛ Президенті өз кезегінде футболдың әлеуметтік тұрғыда маңыздылығы туралы сөз қозғап, жергілікті жанкүйерлерді өткен маусымда стадионды толтырғаны үшін рақмет айтып, 2018 жылғы Қазақстан Чемпионатында трибуналардағы аудиторияның санын көбейтуге тілек етті.