KZ
KZ RU
20 сәуір 2018 11:04

Зайнутдинов голы – Премьер-лиганың бесінші турының үздігі

20 сәуір 2018 11:04
Қазақстан кәсіпқой футбол лигасы (ҚКФЛ) Премьер-лиганың бесінші турының үздік голын анықтау мақсатында жанкүйерлер арасында сауалнама жүргізді.

Өткенде турда тоғыз гол соғылды, оның біреуі - пенальтиден.
 
Сауалнама ҚКФЛ ресми сайтында және «Вконтакте» әлеуметтік желісінің @pflkaz тобында өткізілді.  
 
Сауалнама нәтижесі бойынша «Астана» шабуылшысы Бактиер Зайнутдинов алматылық «Қайраттың» қақпасына соққан голы үздік атанды. Үздік голды таңдауға қатысқандардың 55 пайызы дауыс берген. 
 
Дауыс беру қорытындысы:
1. Бактиер Зайнутдинов голы (Астана – Қайрат 1:1) – 1049 дауыс;
2. Андрей Аршавин голы (Астана – Қайрат 1:1) – 325 дауыс;
3. Тимур Досмағамбетов голы (Ақжайық – Ордабасы 4:1) – 279 дауыс.
 
Бактиер Зайнутдинов голы сәуір айының үздік добын анықтайтын сауалнамаға қатысады. Аталған сауалнама айдың аяғында өткізіледі.