KZ
KZ RU
21 мамыр 2024 13:22
OLIMPBET ПРЕМЬЕР-ЛИГА

Үздіктер квартеті: OLIMPBET QFL Премьер-лигасының бапкерлері мен капитандары кімге дауыс берді?

21 мамыр 2024 13:22
Qazaqstan Football League OLIMPBET QFL Премьер-лигасының наурыз және сәуір айындағы үздік ойыншы мен бапкерді назарыңызға ұсынады. Айта кетейік, үздіктер клубтардың бапкерлері мен капитандарының дауыс беруі арқылы анықталды.

Наурыз айының қорытындысы бойынша «Қайраттың» сұрмергені Жоау Пауло үздік деп танылды. Клуб сапындағы 3 матчтағы 2 голы «Қызылжар» мен сырт алаңда «Ордабасыны» жеңуге септігі тиді. Сондай-ақ 3-ші турдың үздіктер құрамына кірді. Ал үздік бапкер ретінде маусымды сәтті бастаған «Қызылжардың» жаттықтырушысы Әли Алиев атанды.

Сәуір айында «Ақтөбенің» футболшысы Максим Самородов «Үздік ойыншы» атағын жеңіп алды. Ол барлық матчтарда алаңға шығып, рекордтық жанкүйер жинаған Алматының стадионында дубль авторы атанды. Керемет ойын үлгісін көрсетіп, 5-ші турда үздіктер құрамына кірді. Бапкер ретінде «Жетісудің» жаттықтырушысы Қайрат Нұрдәулетов мойындалды. Олар азулы «Ақтөбе» мен «Шахтерді» таза жеңіп, сырт алаңда шабуыл шебі мықты «Қайратқа» гол соқтыртпады.

QFL барлық номинация жеңімпаздарын құттықтап, табыс тілейді!