KZ
KZ RU
31 желтоқсан 2018 10:41

Жаңа жылыңызбен!

31 желтоқсан 2018 10:41

Қазақстан Кәсіпқой футбол лигасы ел халқын Жаңа жылмен шын жүректен құттықтайды!

Жаңа жыл - қайырымды істерге толы жарқын әрі ертегілік мереке! Әрбір жанның дәл осы күні қуанышында шек болмайды. Жаңа жыл мерекесі әрқашан жаңа бастамалар мен жаңа үміттердің нышаны болып қала бермек!

Жаңа жылды қарсы ала отырып, өткен жылдың жарқын жеңістерімен, теңдесіз тартыстары мен ұмытылмас көңіл сыйлаған күндерді біріктіретін отандық футболдың тарихының кезекті кезеңімен қош айтысамыз!

Қазақ футболының барша жанашырына 2019 жылда жарқын жеңістер мен керемет көңіл-күй тілейміз! Алға қойған армандар мен мақсат-міндеттер орындалсын! 2019 жылы қызықты оқиғаларға толы болсын! Әр адамға көптеген бақытты күн сыйласын!