KZ
KZ RU
01 тамыз 2018 12:54

Жан-Эд Морис голы – Премьер-лиганың жиырмасыншы турының үздігі

01 тамыз 2018 12:54
Қазақстан кәсіпқой футбол лигасы Премьер-лиганың жиырмасыншы турының үздік голын анықтау мақсатында жанкүйерлер арасында сауалнама жүргізді.
 
Өткен турда соғылған 12 голдың ішінен жанкүйерлер «Ақтөбе» шабуылшысы Жан-Эд Мористің «Ақжайық» қақпасына соққан голын таңдап алды. Франциялық футболшы айып алаңына әуелете көтерілген пасты қарсыластың қақпасына баспен дарытты. Қазақстан кәсіпқой футбол лигасының ресми сайты мен «Вконтакте» әлеуметтік желісінде @pflkaz парақшасында өткен сауалнамада Морис голы 1770 дауыс жинады. 
 
Үздік үштік келесідей:
1. Жан-Эд Морис голы (Ақжайық – Ақтөбе) – 1770 дауыс;
2. Исаэль голы (Қайрат – Тобыл) – 1504 дауыс;
3. Матиас Курьор голы (Қайсар – Қызыл-Жар СК) – 630 дауыс.
 
Жақын арада өтетін «Шілде айының үздік голы» номинациясына қатысатын соңғы үміткер анықталды.