KZ
KZ RU
13 наурыз 2020 10:23

Жанкүйерлерге қойылған шектеу туралы хабарлама

13 наурыз 2020 10:23

Қазақстанның кәсіпқой футбол лигасы COVID-19 коронавирус инфекциясының таралуына байланысты OLIMPBET-Қазақстан Чемпионатының ойындарына жанкүйерлер қатыспайтыны туралы шешім қабылдағанын хабарлайды.

 
2020 жылдың 14 наурызынан бастап Қазақстаннның кәсіпқой футбол лигасы аясында өтетін барлық ойынның есігі жабық болмақ.
 
Шараның қай уақытқа дейін созылатыны белгісіз. Профилактикалық шаралардың аяқталуы жөнінде қосымша хабарланады. 
 
Қазақстанның кәсіпқой футбол лигасы OLIMPBET-Қазақстан Чемпионатының ойындарын толықтай ПФЛК-ТВ жобасының тікелей эфирінде көрсетеді. Барлық ойынды жанкүйерлер YouTube желісі арқылы тамашалай алады. Сонымен қатар, тікелей көрсетелімдер республикалық телеарналарда көрсетіледі. 
 
Футбол жанкүйерлерін қабылданған шешімге ерекше көңіл бөліп, өз командаларына телеарна және интернет арқылы қолдау көрсетуге шақырамыз.