KZ
KZ RU
06 наурыз 2011 02:37

Жарысқа бәрі дайын

06 наурыз 2011 02:37

6 наурыз
Локомотив - Жетісу
Төрешілер:
Хисамутдинов (Павлодар), Попов (Павлодар), Суюнов (Павлодар)
Резервтегі төреші: Искаков (Астана)
Инспектор: Бублинский (Караганда)
Матчтың басталуы – 15:00
Суперкубок үшін жеңісті өткерген соң «теміржолшылар» көтеріңкі көңіл күйде. Холгер Фахтың тәрбиеленушілері маусымды жеңісті бастағанымен, өкініштісі, «Жетісумен» болатын ойынды өздерінің капитандарысыз өткізетін болды. Себебі ауыр жарақаттанған Андрей Карпович алдағы бір ай бойы ойынға қатыса алмайды. Ал, жалпы топта сербиялық голкипер Недар Эрич жумыс істейтін ойнайтын болады.
«Жетісудыңда» кадрлар жөнінде мәселелері бар: Жартылай қорғаушы Ақжол Серікжанов пен қорғаушы Захар Коробовтың жарақатының кесірінен Астанадағы ойынды өткізіп алатын болды. «Астана-Арена» стадионындағы қозғалыс кедергілерін ескере отырып, сондай келеңсіздіктерге тап болмас үшін жасанды алаңда жаттығу жұмыстарын жүргізген Серік Әбдуалиевтің командасы Алматыдағы кездесуге дайындалды.

Тараз – Ертіс
Төрешілер:
Рахимбаев (Алматы), Измайлов (Талдыкорган), Курбанов (Алматы)
Резервтегі төреші: Абданбаев (Тараз)
Инспектор: Никулин (Талдыкорган)
Ойынның басталуы - 16:00
Воит Талгаевтің шәкірттері өткен маусымда «Ертіс» командасымен үш рет кездесіп, еліміздің Кубогы үшін ойында тек бір рет қана жеңісін тойлаған болатын.
«Тараздың» құрамында жарақаттанғандар жоқ, қазыр олар ойынға дайындық үстінде. Ал Керекуліктер болса өздерінің бомбардирлері Мұрат Тлешевті есепке ала алмайтын сыяқты.Себебі алдағы ойынға дисквалификацияның кесірінен қатыса алмайды. Айтпақшы, Тлешев негізінен жамбылдық футбол мектебінің түлегі. Сондықтан өз мектебіне қарсы ойнау ол үшін ерекше болып саналады.
Өз кезегінде, «Тараздың» қорғаушысы Вячеслав Соболев олда «реваншисттік» күйде. Бір неше маусым бойы «Ертістің» намысын қорғаған болатын.


Ордабасы – Тобыл
Төрешілер:
Салий (Усть-Каменогорск), Кызылбаев (Актобе), Мамашев (Павлодар)
Резервтегі төреші: Оспанов (Шымкент)
Инспектор: Каган (Алматы)
Ойынның басталуы - 15:00
Шымкенттіктер биылғы маусымда өткен жылғы сәтсіздіктердің есесін алмақшы. Команданың тірегі көптеген өзгерістерге шыдай алмай, маусым арасында команда белгілі форвард Иван Перичеге келіп тоқталған болатын. Сондай – ақ, туған клубына сол жердің тәрбиеленушілері Фархатбек Ырысметов пен Азат Нұрғалиев қайтып оралды. Ендігі олар үшін бұрынғы ойнаған кубтарына қарсы ойын көрсету мүдделі сыяқты.
«Тобылға» бұл маусымда өздерінің чемпиондық дәрежесін қорғап қалу маңыздырақ сыяқты. Өйткені Равиль Сабитов маусым аралықта толықтай команда құрамын тазартып, тек қана чемпиондық дәрежені қорғап қалу үшін емес, сонымен қоса Премьер-Лигада жақсы ойын көрсету үшін жаңа ұжым құраған болатын. Супер кубок үшін өткен ойында «Тобыл» жеңіліс тапты. Ал, бұл жолы ойыншыларды таңдауда Сабитовтың мүмкіндігі көп және қостанайлық кулбта кадр мәселесі жөнінде келеңсіздіктер жоқ. Тек босниялық форвард Бекрич қана еңбек визасын әлі алмағандықтан ойнай алмайды. Қорғаушы Андрей Кислицын Суперкубок сайысындағы жарақаттан емделіп, қатарға қайтып қосылды.

Восток – Қайрат
Төрешілер:
Антонов (Павлодар), Бондар (Қарағанды), Малышев (Костанай)
Резервтегі төреші: Чесноков (Өскемен)
Инспектор: Мумбаев (Шымкент)
Ойынның басталуы - 15:00
«Восток» таңдаулы девизионға қайтып келді.Оған келудің себебі өткен маусымдағы ең мықты 5 клубтың бірі атануында. Кеше команда ШҚО-ның әкімі Бердібек Сапарбаевпен кездесті. Аймақтың басшысы, егерде «Қайратты» жеңетін болса футболистер 1 миллион көлемінде қосымша үстемақы алады деп уәдесін берді. Ал, «Восток» командасындағы алғашқы голдың авторына жаңа маусымда қосымша 100 мың теңге көлемінде сыйлық тағайындалған.
Кадр жөнінде өскемендіктерде ешқандай мәселе жоқ. Барлық ойыншылар қатарда. Команданың капитаны болып Қазақстан құрамасының қорғаушысы Ринат Абдулин таңдалды.
Алматылық команданың құрамында бір ғана келеңсі жайт бар. Ол: отанына қайтып оралған Руслан Балтиев иығынан алған жарақаттың әсерінен ойынға қосыла алмайды.
«Қайрат» биылғы жылы қайтадан алғашқы алтылыққа енуді көздеуде. Тақау арада команда Алматының әкімі Ахметжан Есімовпен кездескен кезінде клубқа жаңа жайлы автобус табыс етілген болатын. Сонымен қатар келісім шарт мерзімін ұзарта отырып, «КазРосГаз» компаниясын демеушілері есебінде таныстырды. Қала басшысы өткен кездесуде алғашқы мықты үштік команданың құрамына еніп, европаға жолдаманы жеңіп алуды тапсырған болатын.

Ақтөбе – Атырау
Төрешілер:
Дузмамбетов (Өскемен), Кенжалинов (Астана), Кумашев (Астана)
Резервтегі төрешілер: Жуковский (Ақтөбе)
Инспектор: Карымов (Павлодар)
Ойынның басталуы - 17:00
Принципті көршілес аймақ арасындағы ойын әдеттегідей тартысты өтуі тиіс. Бұл клубтардың қарым-қатынастық статистикасы көптеген голдардың соғылатындығын көрсетеді.
«Ақтөбе» толықтай даярланған құрамында ойнайтын болады. Тек африкалық форвард Малика техникалық сұрақтардың туындауына байланысты ойынға қатыса алмайды. Команда капитаны Самат Смақовта жарақат алған болатын, бірақ ойынның бірінші минутына шекті жазылып үлегріп, қатарда болатын сыяқты.
«Атырау» маусым аралықта команда құрамының жартысынан астамын жаңартты. Ұжымның көш басшылары Пиралы Әлиев, Алексей Шакин, Руслан Сахалбаев ендігі бұл команда құрамында ойнамайтын болды. Олардың орнына жаңадан ойыншылар келді. «Атырайдың» жаттықтырушысы Рамиз Мамедов басым салмақты лигионерлерге қойып отыр. Бұл маусым аралықта каспиліктер геогарфиясын шетелдіктермен толықтырып, аргентиналық қорғаушы Леон Игнасионы, сондай –ақ, голандиялық хавбек Кираны құрамға енгізіп отыр. Атап өтерлік тағы бір жайт, осы өңірдің түлегі Денис Родионов қайтып оарлды. Ол Қазақстан құрамасының сапында ойнап көп тәжірибе жыйнаған болатын.

7 наурыз
Шахтер – Қайсар
Төрешілер:
Соколов (Астана), Кусаинов (Астана), Ходин (Атырау)
Резервтегі төреші: Искаков (Астана)
Инспектор: Борисов (Семей)
Ойынның басталуы - 17:30
Қарағандыдағы стадионның жасыл желегі ҚФФ талабына сай келмегендіктен «Шахтер» мен «Қайсар» арасындағы кездесу Астанада 7 наурыз күні өтетін болды.
Қарағандылықтар жаттықтырушы Виктор Кумыковтың қол астына өткен соң, команда құрамына да өзгерістер енгізді. Негізгі бөлішек, ол көш басшылары сол қалпында қалды: литвалық хавбек Вичюс, босниялық әмбебап Джидич, форвард Андрей Финанченко. Құрамадан қорғаушы дәрежесіндегі Александар Кислицынды ғана «Тобылға» ауысуына байланысты жоғалтып алды. Оның орнына Кумыков Қазақстандағы танымал жақсы ойыншылар Мақсат Байжановты, Серік Досманбетовті, Қанат Әлиевті, Қайрат Өтебаевті, Вячеслав Ербесті, Жамбыл Кукеевті шақырды.
Қызылордалықтар – алғашқы алтылыққа өз алдына кіру мақсатын қоймаған жалғыз-ақ команда. Бірақта, «Қайсарға» қарсы ойын танымал фавориттертің өзіне оңайға түсе қоймайтыны қазырдың өзінде белгілі. Қызылордалық құраманы жартылай қорғаушы Арман Бірқұрманов пен қорғаушы Градимир Црногорац күшейтіп отыр.