«Жас Сұңқар» ФК бас бапкері Андрей Шумара: «Біздің командаға сенімділік жетіспеді»
«Жас Сұңқар» командасының бас бапкері Андрей Шумара Екінші Лига командалары арасында Қазақстан Республикасы Біріншілігінің қола жүлдесі үшін матч туралы өз пікірін білдіріп, 2022 жылғы маусымды қорытындылады:
- Бірінші таймның басында допты бақылай алмадық, айып алаңына доп жетпеді, соның салдарынан қарсыластың қақпасының мағында іс жүзінде қауіпті сәттер болған жоқ. Үзілісте ойыншылармен сөйлесіп, түзетулер енгізіп, алдыңғы шепте көбірек ашылуды талап еттік. Бірақ жеңіске жету үшін гол соғу керек, ал пенальти сериясы — лотерея. Қарсыласты жеңісімен және қола медальмен құттықтаймын. Жалпы аяқталған маусым туралы айтатын болсақ, біздің өзімізге деген сеніміміз жетіспеді деп ойлаймын. Біз өзіміздің конференциямызда бірде-бір қарсыластан әлсіз болған жоқпыз, оны қарсыластардың бапкерлері де атап өтті. Біздің жігіттер футбол ойнай алады, бірақ өздеріне деген сенім жеткіліксіз болды. Біздер жеңіске жетуі керек ойындарда ұпай жоғалттық. Нәтижесінде бірінші орын үшін емес, үшінші орын үшін күрестік.
Үшінші орын үшін ойынның негізгі уақыты 1:1 есебімен аяқталды. Матчтан кейінгі пенальти сериясында «Тұран» жастар командасы жеңіске жетті.