Жасөспірімдер Тбилисиге жетті
Команда "Батеста" қонақүйіне қоныстанып, Астана уақыты бойынша сағат 15:00-де Грузиядағы алғашқы жаттығуын өткізді. Айта кетейік, жаттығу Грузия ұлттық құрамасының базасы саналатын Басы атындағы жаттығу орталығында өтті. Бұл базада тек Грузияның ұлттық құрамасы ғана жаттығады. Басқа құрамалары өзге кешендерде дайындалатынын да айта кеткеніміз жөн. Ал Басаның өзі 1940-1950 жылдары жасыл алаңда жасындай жарқылдаған грущзиялық футболшы болған екен.
Өкінішке қарай, жаттығу кезінде жартылай қорғаушымыз Жахар Қадиев кішігірім жарақат алып қалды. Дегенмен, дәрігерлердің айтуынша, ЦСКА ойыншысы алдағы матчқа дейін айығуы тиіс. Ертең Астана уақытымен 15:00-де Грузия ұлттық құрамасының базасында Қазақстан жасөспірімдер құрамасы (U-16) Түркиямен кездеседі. Айта кетейік, түріктер бұл турнирге 17 жастағы жеткіншектерін алып келді. Ал осы ойынмен қосамжарлана "Локомотив" стадионында Грузия құрамасы Армениямен кездеседі.