KZ
KZ RU
18 желтоқсан 2012 16:04

Жаттықтырушыларымыз халықаралық дәрежеде сынақтан өтті

18 желтоқсан 2012 16:04

   Атап айтсақ, Асқар Қожабергенов Қазанның "Рубин" клубында машықтанды. Алмас Құлшынбаев, Иван Азовский, Виталий Спарышев, Нұрмат Мырзабаев сынды мамандар Англия астанасы Лондон клубтарында тәжірибе алмасса, Эдуард Глазунов, "Ростов" (Ростов-на-Дону), Марат Есмұратов Тәшкенттің "Бунедкорында" білімін шыңдады.

Осы сынақтардыің қорытындысы бойынша аталған мамандар желтоқсанның 9-ы мен 12-сі аралығында ҚФФ-та есеп беріп, алған білімдерін өзге бапкерлермен бөлісті.

Иван Азовский, Виталий Спарышев, Алмас Құлшынбаев және Нұрмат Мырзабаевтың "Англиядағы кәсіби деңгейде резерв дайындау ерекшеліктері" тақырыбындағы баяндамалары 7-8, 10-12, 14-15, 16-17 және 18-21 жас аралығындағы футболшылардың дамып жетілуі, Англия футбол мектептерінде қалай шынығатындықтары туралы болды.

Баяндамалардан бөлек, әртүрлі жаттығуларды қамтыған бейнематериалдар да көпшіліктің назарына ұсынылды.

"Рубин" футбол клубында машықтанып, қазандық команданың инфрақұрылымымен танысып қайтқан асқар Қожабергенов "Рубиннің" негізгі құрамының, дубльдік құрамының, сондай-ақ академиядағы балалар-жасөспірімдер командаларының жаттығулары мен ойындарын бақылапты. Қазандық команданың басшылары Қожабергеновтың машықтануына бар жағдайды жасап берген. Соның арқасында көп нәрсені көкейіне түйіп алған маманымыздың баянадмасы да әсерлі шығып, көпшілікке түсінікті тілде жеткізілді.

Эдуард Глазуновтың да баяндамасын Техникалық орталықтың сабақ берушілері қызығушылықпен тыңдады.

Өзбекстанның алдыңғы қатарлы командаларына жататын "Бунедкорда" жаттығу жұмыстары қандай жолға қойылған? Ұйымдастырушылық, басқарушылық әдістемелері қандай? Инфрақұрылымы қаншалықты дамыған? Осыған байланысты жасалған Марат Есмұратовтың баяндамасы да көпшіліктің көкейінен шықты. Есмұратовтың жасаған сараптамасының арқасында Орта Азиядағы футболдың қалай дамып жатқанын бағамдауға мүмкіндік туды.
Бүгінде Ресей клубтарының бірінде Андрей Мирошниченко сынағын жалғастыруда.

Ал Техникалық орталықта дәріс алып жатқан тағы бір маманымыз Қанат Мұсатаев "Достастық кубогы" кезінде Қазақстан жастар құрамасында машықтанып, сынақтан өтуді жоспарлауда.